• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
05 Наурыз, 2015

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы №57

246 рет
көрсетілді

2015 жылғы 12 ақпан,  Астана, Үкімет үйі Қостанай облысының білім беру және спорт ұйымдарына атау беру туралы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 4-1) тармақшасына және «Қазақстан Республикасының аумағындағы әуежайларға, порттарға, теміржол вокзалдарына, теміржол стансаларына, метрополитен стансаларына, автовокзалдарға, автостансаларға, физикалық- географиялық және мемлекет меншігіндегі басқа да объектілерге атау беру, сондай-ақ оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есімін беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 5 наурыздағы №281 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Мынадай білім беру және спорт ұйымдарына: 1) «Қостанай қаласы әкімдігі білім бөлімінің № 9 орта мектебі» мемлекеттік мекемесіне – Ғафу Қайырбековтің; 2) «Арқалық қаласы әкімдігі білім бөлімінің музыка мектебі» мемлекеттік мекемесіне – Бақытжан Байқадамовтың; 3) Қостанай облысы әкімдігі дене шынықтыру және спорт басқармасының «№1 балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» мемлекеттік мекемесіне – Қадырбек Оспановтың есімдері берілсін. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов.
Соңғы жаңалықтар